Кувейттің жаңа премьер-министрі болып шейх Ахмед ан-Наваф аль-Ахмед ас-Сабах тағайындалды.
Жексенбі күні Кувейт әмірінің ұлы Ахмед ан-Наваф ел әмірі кеңсесінің жарлығымен Кувейт үкіметінің басшысы болып тағайындалды. Ал уақытша премьер-министр шейх Сабах әл-Халидті қызметінен босады.
Ахмед ан-Наваф бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары және ішкі істер министрі қызметтерін атқарған. Жаңа премьерге министрлер кабинетін жаңадан құру тапсырылды.
Ал Кувейттің бұрынғы премьері Сабах аль-Халид үкімет пен парламент арасындағы текетірес салдарынан 2019 жылдан бері төрт рет отставкаға кеткен болатын, – деп хабарлайы Asharq Al-Awsat.