4 бала жетім қалды: Атырауда ерлі-зайыптылардың денесі пәтерден табылды
4 бала жетім қалды: Атырауда ерлі-зайыптылардың денесі пәтерден табылды
2,765
оқылды
Атырау облысында төрт баланың әкесі әйелін тұншықтырып өлтіріп, артынша өзі асылып қалған. Оқиға кезінде балалар үйде болмаған. Қайтыс болған әйелдің анасы қызының үйіне барып есікті ешкім ашпаған соң полицияға хабарласқан.
«ТЖ кезекші наряды қоңырау келіп түскен сәтте бірден аталған мекенжайға аттанды. Оқиға орнына жетіп, пәтердің есігін ашқан кезде бөлмеден екі адамның денесі табылды», – деп мәлімдеді Атырау облысы ПД өкілі Мейірім Ердәулет.
Полиция қазір «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап жатыр.