Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев арандату әрекетінің жолын кесуді тапсырды
Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев арандату әрекетінің жолын кесуді тапсырды
© Ақорда
275
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  Ведомстволардың және құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен өткен жиында Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты алдын алу және ақпараттық жұмыстар жөніндегі мәселелер қарастырылды. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан Президенті жалған ақпарат тарату және арандату сипатындағы кез келген әрекеттің жолын кесіп, ақпараттық кеңістіктегі жұмыстарды күшейтуді талап етті.