Бүгін доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді.
KASE қор нарығындағы сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,61 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 480,16 теңге болды.
Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы – 1 долларға 479, 83 теңге.
Kurs.kz-тің мәліметінше, Алматыда долларды сату – 481 теңге, сатып алу – 485,5 теңге. Нұр-Сұлтанда сату – 477 теңге, ал сатып алу құны – 481 теңге.