Ректор болу үшін 47 000 доллар пара беруге оқталған әйел сотталды
Ректор болу үшін 47 000 доллар пара беруге оқталған әйел сотталды
Фото: nova24.uz
2,825
оқылды
Астана медицина университетінің экс-проректоры жемқор болғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М.Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жеке компаниялардың басшысы Э.Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, сондай-ақ делдал М.Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот Гриценконы 3 жылға, делдал Қапаровты 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды», – делінген ресми хабарламада.