Павлодарда автобустың қатысуымен болған жол апатынан сегіз адам зардап шекті
Павлодарда автобустың қатысуымен болған жол апатынан сегіз адам зардап шекті
550
оқылды
"Кенжекөл-Павлодар" тас жолында жол апаты орын алды. Автобуспен Volkswagen және ВАЗ жеңіл көліктері соқтығысқан.
Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, JAC маркалы автобус ВАЗ көлігімен соқтығысқан, ол өз кезегінде ұшып Volkswagen көлігін қаққан. Жол апаты салдарынан 8 адам медициналық көмекке жүгінді. Барлығы да қос жеңіл көліктегі жолаушылар. Автобуста жолаушы болмаған. Автобус айып тұрағына қойылған. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.