Риддерде жоғалып кеткен ер адамның денесі орманнан табылды
Риддерде жоғалып кеткен ер адамның денесі орманнан табылды
Фото: kazlenta.kz
208
оқылды
  • Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен ер адамның денесі орманнан табылды.
Полиция департаментінің мәліметінше, 23 шілдеде орманға саңырауқұлақ теруге барған зейнеткер хабар-ошарсыз кеткен. Келесі күні полицияға оның танысы хабарласқан. Жедел іздестіруге еріктілер мен қала тұрғындары көмектесті. «Жоғалған адамның денесі төрт күннен кейін табылды. Қазір өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр» делінген ресми ақпаратта. Бұған дейін Орманда әйелді атып өлтірді деген күдікке ілінген полицей ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.