Алтынемел мен Сайрам-Өгемде қар барысы видеоға түсіп қалды
Алтынемел мен Сайрам-Өгемде қар барысы видеоға түсіп қалды
361
оқылды
Қар барыстары бірден екі ұлттық паркте видеоға түсіп қалды. Жыртқыштардың видеосын Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жариялады. Қабыландар қазір ерекше қорғалатын 9 табиғи аумақта мекендейді. Осы жолы олар Алтынемел және Сайрам-Өгем ұлттық парктерінде орнатылған фототұзақтарға түскен. Аталмыш жануар Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне енгізілген. Қар барысы 12 елде мекендейді және оның барлығында сирек кездесетін немесе құрып кету қаупі төнген түр болып танылған. Қазір елімізде шамамен 140-180 ілбіс бар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от QAZFWC (@qazfwc)