Қызылордада Экология департаменті басшысының орынбасары сотталды
Қызылордада Экология департаменті басшысының орынбасары сотталды
457
оқылды
Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол серіктестік басшыларына тиесілі 100 млн теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
«Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары Б.Тілегенов қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол ЖШС басшыларына тиесілі 100 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп танылды. Сондай-ақ Тілегенов ЖШС басшыларын прокуратураның, Мемлекеттік кірістер және Экономикалық тергеу департаменттерінің лауазымды тұлғалары арқылы мәселені шешемін деп, ЖШС-на қатысты экологиялық заңнаманы бұзушылықтар туралы істі тоқтату және мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын кері қайтару үшін пара беруге итермеледі», делінген ресми хабарламада.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.