«Миына қан кеткен» – Жамбылда офицер қайтыс болды
«Миына қан кеткен» – Жамбылда офицер қайтыс болды
Фото: life.ru
1,202
оқылды
Биыл 27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды. Бұл туралы ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады. «Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты екені анықталды. Факті бойынша ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, қажетті көмек көрсетеді» делінген ресми хабарламада. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12 басшы тағайындағанын хабарлаған едік.