«Сосын бәрі кинодағыдай болды. Мен бірден тежегішті бастым, қуанышқа орай менің артымнан ешкім келе жатқан жоқ еді. Есікті жұлқа ашып, қарсы келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтіп, секіргелі тұрған келіншекке ұмтылдым. Ол да қолын босатты, мен де ұстап үлгердім», - дейді сол күнгі оқиғаны еске алған Евгений. 32 жастағы К.-ны аман-есен қауіпсіз жерге шығарған құтқарушы бірден полицияны шақырды. «Келіншек жылап, секіруге не себеп болғанын, өмір сүргісі келмейтінін айтты. 4 баланың анасы екен. Сол жердегі көлік жүргізушілері де келіп қандай көмек керек екенін сұрады. Полиция патрулі келгенше мен әйелді тыңдадым және оны мүмкіндігінше тыныштандыруға тырыстым», - дейді Евгений.
Өмір сүргім келмейді - Петропавлда 4 баланың анасы көпірден секірмек болды
1,659
оқылды
оқылды