Түркістанда қоймашы зауытқа тиесілі 4 млн теңгенің тауарын сатып жіберген
Түркістанда қоймашы зауытқа тиесілі 4 млн теңгенің тауарын сатып жіберген
361
оқылды
Түркістан қалалық полиция басқармасына құрылыс зауыттарының бірінен хабарлама келіп түскен. Онда аталған зауытқа тиесілі тауарлардың біразы жымқырылғаны көрсетілген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 4 000 000 теңгеге жуықтайды. Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде күдікті азамат осы зауыттың қоймашысы болып шықты. Ол тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Аталған дерек Қылмыстық Кодекстің 189-бабы, яғни «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. Белгілі болғандай, күдікті ер азамат өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, зауытқа тиесілі техникалар мен тауарларды сатып жіберген. Ал ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.