Ақтөбе облысында бір отбасының екі баласы суға батып кетті
Ақтөбе облысында бір отбасының екі баласы суға батып кетті
1,201
оқылды
Ақтөбе облысында үш адам суға кетті. Оның екеуі бір үйдің баласы. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Заречный-1 тұрғын ауданының көпірі маңында бір адам суға кеткен. Белгілі болғандай, 18 жастағы жігіт шомылуға тыйым салынған жерге суға түскен. Оның денесі жағадан 10 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен табылды.
"Сонымен қатар кешкі сағат 19:30-да сол маңда 2009 және 2011 жылы туған екі бала суға батып кетті. Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды. Екеуі бір отбасының баласы" делінген хабарламада.