Құтқарушылар суға кеткен жігіттің денесін 3 жарым метр тереңдіктен алып шықты
Құтқарушылар суға кеткен жігіттің денесін 3 жарым метр тереңдіктен алып шықты
114
оқылды

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 1995 жылы туған ер адам Елек өзеніндегі шомылуға тыйым салынған аймақта суға түскен.

«Оның денесін құтқарушылар 3,5 метр тереңдіктен шығарды. Суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Суға мас күйде шомылуға болмайды. Биыл осы кезге дейін 15 адам, оның ішінде 4 бала суға кетіп, қайтыс болды», – деді департамент өкілі.

Бұған дейін өзен жағасында көлігін жуған қария немересін құтқарамын деп суға кеткенін жазған едік.