Атырау облысында аудан әкімі суға батып кетті
Атырау облысында аудан әкімі суға батып кетті
9,244
оқылды
Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі өзенге батып кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2022 жылдың 31 шілдесінде сағат 22:38-де Махамбет ауданы бойынша ТЖД кезекшісінен хабарлама келіп түсті. Ол Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында Жайық өзенінде белгісіз жағдайда 1982 жылы туған аудан әкімі суға батып кеткенін хабарлады. Оқиға орнына Атырау қаласынан Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының 3 құтқарушысы мен техникасы жөнелтілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.