Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 21 тамызға (қоса алғанда) дейін елорданың жоғарғы оқу орындарына оқуға түсу ақысын төлеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар қабылдайды.
Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының орта мектептерін бітірген:
жетім балалар;
балалар үйінің түлектері;
бала жасынан мүгедектер;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
көп балалы отбасының балалары (оның ішінде, білім ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін ағымдағы жылы үлкен баланың кәмелетке толуына байланысты) Нұр-Сұлтан қаласының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу мақсатында көмекке жүгіне алады.
Оқыту еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
- Архитектура (BIM-менеджер дизайнер),
- Биотехнология,
- Есептеу технологиясы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (Бағдарламашы),
- Геодезия и картография (web-картография),
- Дизайн (Web-дизайн, Ландшафттық дизайн),
- Мектепке дейінгі оқыту,
- Жерге орналастыру - агроинженерлік,
- Аспаптар және автоматика инженері,
- Газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету инженері,
- Инженерлік жүйелер мен желілер (Байланыс және аспаптар инженері),
- Электронды инженер,
- Ақпараттық жүйелер (Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сабақ беру құқығымен компьютерлік жүйелерді әзірлеуші және талдаушы), ақпараттық технологиялар,
- Кинезитерапия,
- Жалпы медицина,
- Тасымалдауды, көліктің қозғалысын және жұмысын ұйымдастыру (Логистика маманы),
- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі,
- Педагогикалық (математика, ағылшын тілі, тарих, информатика, физика, бейнелеу өнері, алғашқы әскери дайындық мұғалімі),
-Қазақ тілі және әдебиеті.
- Орыс тілі және әдебиеті,
- Әлеуметтік жұмыс,
- IT маманы,
- Стоматология,
- Құрылыс (3D баспа дизайнері),
- Жылу энергетикасы,
- Азық-түлік технологиясы,
- Дене шынықтыру және спорт,
- Электроэнергетика
- Психология
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Басқармаға мына құжаттарды қоса отырып өтініш ұсынады:1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;2) Жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;3) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлiктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);4) көп балалы отбасы мәртебесiн растайтын құжатының көшірмесі (көп балалы отбасының балалары үшiн);5) туу туралы куәлiгінің көшірмесі (жетiм балалар үшін);6) Нұр-Сұлтан қаласының орта мектебін аяқтау туралы аттестат;7) Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң нәтижесi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификаты.8) екінші деңгейдегі банктегі немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы ақпарат.
Көмек отбасының табысын әр мүшесіне шаққанда 4 күнкөріс деңгейінен, яғни (190 088 теңге) аспаған жағдайда көрсетілетін ақшалай төлем түрінде беріледі.
Қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек алу үшін сіз Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына Бейбітшілік көшесі, 9 үй мекенжайы бойынша немесе электронды өтінішті https://egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_the_government/e_app веб-порталы арқылы «Электрондық өтініштер» бөлімінде қалдыруыңызға болады.
Тестiлеу кезiнде қажеттi ең төменгi баллды жинай алмаған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне әлеуметтік көмек тағайындалмайды. 2022 жылғы шекті бал - 50 балл болды.