Аттракционнан секірген әйелдің өлімі: нұсқаушыға сот үкімі шықты
Аттракционнан секірген әйелдің өлімі: нұсқаушыға сот үкімі шықты
Фото: kazlenta.kz
641
оқылды
Қарағандыда былтыр 10 қазанда 34 жастағы Евгения Леонтьева «Созвездие» қонақүйіндегі роупджампинг аттракционына барып, биіктен секірді. Бірақ бекітілмеген арқанмен секірген әйел бетонға құлап, көз жұмды, – деп жазады inform.kz. Қазыбек би аудандық соты роупджампингтің нұсқаушысын сапасыз қызмет көрсеткені, салғырттық салдарынан Евгения Леонтьева көз жұмғаны үшін кінәлі деп таныды. Сот шешімімен нұсқаушы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Сот Александр Музникасты қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінде жазасын өтеумен 4  жылға бас бостандығынан айырды. «Күзетпен ұстау» да өзгеріссіз қалдырылсын. Жаза мерзімі оны нақты ұстаған сәттен бастап, 2021 жылғы 11 қазаннан бастап есептелсін. Жазаны өтеу мерзімі қамауда болған уақыт жазаны өтеудің бір жарым күні есебімен есептелсін. Сотталған адамнан жәбірленушілерге өтемақы қорына 158 340 теңге көлемінде мәжбүрлі төлем өндіріп алынсын», – деп үкім шығарды Қазыбек би аудандық сотының судьясы Манат Жұмақаева.
Алайда нұсқаушы өз кінәсін мойындамады. Оның айтуынша, ол Fly Kazakhstan ЖШС қызметкері емес. Фирманың иесі жауапқа тартылуы тиіс.