Қостанайда жанар-жағармай талонын заңсыз сатқан басшы бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
«Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны» МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызмет бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен сатып жіберген.
Кәсіпорынның экс-басшысы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензин және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынының талонын ұрлап, 18,5 миллион теңге материалдық залал келтірген.
Сот шешімімен 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айырылды. Пробациялық бақылауда болады.