Елордада NEET санатындағы жастарға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған "Үздік" жобасын іске асыру жалғасуда, – деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты."Астана жастары" жастар ресурстық орталығы елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 27 маусымда "Үздік" жобасын іске қосты, оның аясында NEET санатындағы жастармен тығыз жұмыс жүзеге асырылады.Жоба жастарды әлеуметтендіруге, жұмысқа орналастыруға, бизнес жобалар мен бизнесті оқытуды іске асыруға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік гранттар бөлуді көздейді.Сонымен қатар техникалық және әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін жастар арасында, сондай-ақ NEET санатындағы жастар арасында конкурс өткізіледі. Оның мақсаты – 15 бағыт бойынша жұмысшы мамандықтарының имиджін жақсарту және танымал ету ("Үздік шиномонтажник-2022", "Жыл сантехнигі-2022", "Жылдың ағаш ұстасы-2022", "Жыл электригі-2022", "Жылдың жиһаз құрастырушысы-2022" және т.б.). Екі аптада бір рет әр бағыт бойынша іріктеу басталады.Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін "Үздік" жобасы аясында шет тілдерін оқыту, жылдам оқу, қаржылық және компьютерлік сауаттылық бойынша семинар-тренингтер, бизнес-тренингтер, заңгерлік және психологиялық консультациялар өткізу жоспарланған.Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (778) 415 37 94.