Медведевтің Қазақстанды «жасанды мемлекет» деген жазбасына қатысты көмекшісі түсініктеме берді
Медведевтің Қазақстанды «жасанды мемлекет» деген жазбасына қатысты көмекшісі түсініктеме берді
© ria.ru
1,800
оқылды
Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевтің көмекшісі саясаткердің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасы бұзылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.
"VK-да Дмитрий Анатольевич жариялаған соңғы жазба теңізшілерді Әскери-теңіз күштері күнімен құттықтауға арналған  (Теңіз флоты - еск) болатын. Кеше оның парақшасын бұзып кіріп, басқа жазба жариялағандарға қатысты мәселені әлеуметтік желінің әкімшілігі шешеді", – деп келтіреді басылым көмекшінің сөзін. "Дмитрий Медведевтің атынан басқа адам жазба жариялаған. Қазір  қауіпсіздік тобы құзырлы қызметтермен бірлесіп, болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", – делінген   баспасөз қызметінің мәліметінде.
Айта кетейік, бүгін Медведевтің "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында геосаясатқа қатысты жазба пайда болды. Алайда ол тез арада өшірілді. Жазбада Қазақстан "жасанды мемлекет" деп сипатталып, "Солтүстік және Оңтүстік Осетия, Абхазия және Грузияның қазіргі аумағы тек Ресеймен біртұтас мемлекет ретінде біріктірілуі мүмкін" деп жазылған.
"КСРО қатарында болған қуатты халықтардың барлығы қайта бірге бейбітшілікте және түсінікте болады. Киев пен Кіші Ресейдің барлық аймағы босатылғаннан кейін біз мың жыл бұрынғыдай қайтадан мықты әрі қуатты ел боламыз. Осыдан кейін Мәскеудің басқаруы арқылы барлық славян халқы бірігіп, Отанымыздың шекарасын қалпына келтіруге келесі қадамға барамыз, біздің шекарамыз ешқашан аяқталмайды", – делінген жазбада.
Айта кетейік, Ресей әскері 24 ақпанда Украина аумағына басып кірді.    width=