Келесі жылдан бастап әскери билетті бір күнде алуға болады – Қорғаныс министрлігі
Келесі жылдан бастап әскери билетті бір күнде алуға болады – Қорғаныс министрлігі
© baribar.kz
1,027
оқылды
2023 жылдан бастап әскери билетті бір күнде алуға болады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты. 
"Бүгінде әскери билетті цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік базалармен интеграция жасау арқылы бұл процестер 2-3 есе тез жүргізіледі. Сондықтан әскери билет те цифрлық жүйеге ауыстырылуда. 2023 жылдан бастап әскери билетті бір күнде алуға болады. Мұны келесі жылы іске қосуға тырысамыз", –  деді Д.Ахмедиев.
Сондай-ақ әскерге шақыру жасына жетпеген қазақстандықтарға ақпарат eGov.kz-тағы жеке кабинетіне жіберіледі.
"SMS-те «Сіз осындай әскери комиссариатқа (военкомат) тіркелдіңіз» деп жазылады. Кейін ол 18 жасқа толып, университетке түскенде тағы бір SMS жіберіледі. Онда «Сіздің университетке оқуыңызға байланысты әскери қызметтен уақытша босатылдыңыз» деп жазылады. Бірақ университетке бармасаңыз, SMS-те сіздің қандай әскери комиссариатқа бару керегіңіз жазылады. Мұның барлығын eGov.kz-тағы жеке кабинеттен көруге болады. 2023 жылдан бастап бұл қызметті енгіземіз деген үміттеміз", – деді  Д.Ахмедиев.