Айжан Есмағамбетова өңірлер "қызыл" аймаққа енсе де, оқушылар мектепке барып оқитынын айтты
Айжан Есмағамбетова өңірлер "қызыл" аймаққа енсе де, оқушылар мектепке барып оқитынын айтты
©syr-media.kz
702
оқылды
Алдағы уақытта коронавирус өршіп, еліміздің қай өңірі болсын "қызыл" аймаққа енсе де, оқушылар мектепте оқитын болады. Бұл туралы ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.  Айжан Есмағамбетованың айтуынша,  оқушылар енді қашықтан оқымайды, білім ошақтарында тек тазалық жұмыстары көбірек жүргізіледі.
"Мектептерде зарарсыздандыру, желдету, тазалау жұмыстары әдеттегіден де көбірек жүргізіледі. Кіреберістерге арнайы фильтр орнатылады. Қандай да бір іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Тіпті, ата-аналар жиналысы болмайды",– деді ол.