Бүгін Атырау облысында суға батып кеткен 26 жастағы жігіттің мәйті табылды.
«2 тамызда сағат 15:05 шамасында төтенше жағдайлар департаментінің байланыс бекетіне Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай селосында 1996 жылғы азаматтың суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы жіберілді. Сағат 19:10-да жергілікті тұрғындардың көмегімен азаматтың мәйіті табылып, судан шығарылды. Марқұмның Бақсай каналындағы суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылғаны анықталды», - деп мәлім етті Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Жергілікті құзырлы орган дерегінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына 5 сүңгуір, 1 қайық, 2 арнайы техника, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері мен 2 жергілікті тұрғын жұмылдырылған.