Алматыда жұртты 35 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
Алматыда жұртты 35 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
Алматыда 33 жастағы алаяқ келіншек халықты алдап, 35 млн теңгені қолды еткен. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлім еткендей, күдікті жергілікті тұрғындарды арзан азық-түлікпен қамтамасыз етемін деп алдап соққан.
«Алматылық 33 жастағы әйелдің азық-түлікті базардан төмен бағамен жеткіземін деген желеумен ірі көлемде ақша алғаны анықталды. Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын 35 млн теңгеден асады», - деп жазды Рустам Әбдірахманов өзінің Instagram -дағы парақшасында.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Әйелге қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.