«Жүргізуші куәлігін алып беремін» – Алматыда алаяқ қыз ұсталды
«Жүргізуші куәлігін алып беремін» – Алматыда алаяқ қыз ұсталды
Фото: ernur.kz
367
оқылды
Алматыда 24 жастағы қыз «жүргізуші куәлігін алып беремін» деп   тұрғындардан ақша алып, ізін суытқан, – деп жазады Polisia.kz. Полицейлер 24 жастағы Г. есімді азаматшаның жәбірленушілердің алаяқтық жолмен ақшасын алғанын анықтады. «Жәбірленушілер ірі көлемде ақша беріп, алданып қаламыз деп ойламаған. Осыған ұқсас үш дерек тіркелді. ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр», – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр. Бұған дейін Алматыда жұртты 35 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды.