Жамбыл облысында «Өтеген» шекара бекетін тексеруге келген офицерді ұрып өлтірген бе?
Жамбыл облысында «Өтеген» шекара бекетін тексеруге келген офицерді ұрып өлтірген бе?
Фото: КТК арнасының сюжетінен скриншот
8,561
оқылды
Жамбыл облысында қызмет бабында мерт болған офицердің жақындары оның қасақана өлтірілгеніне сенімді. Себебі, аға лейтенант Азат Үмбетұлы «Өтеген» шекара бекетін тексеру барысында ескерту жасаған кезде застава бастығы өзге қызметкерлердің көзінше соққыға жыққан дейді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.  
Марқұмның жесірі Ботагөз Ілмағамбет: «Шық былай» деп ерегес басталған. Қасындағы балалар ажыратқан. Сөйтіп, екінші рет баспалдақтан түсіп бара жатқан кезде артынан келіп мойнынан ұрған. Қатты затпен, қолмен ұру мүмкін емес. Білмейміз қандай зат екенін... Сөйтіп, биік баспалдақтан қатты құлаған. Содан орнынан сөйлеп тұрып, қайта құлаған, сол жерде...», – дейді.
Бұл оқиғаны көрген әріптестері бірден марқұмның туыстарына айтып бергенімен, енді айтқан сөздерінен бас тартып отыр. Ал, екі жыл бұрын Ақтөбеден Қордайдағы шекара бекетіне ауысқан Азат Үмбетұлы медицина бөліміне жетекшілік етіп келген. «Өтеген» шекара бекетінде ауыр жарақат алған офицер Қордай аудандық орталық ауруханасында көз жұмды. Артында үш қызы мен аяғы ауыр келіншегі қалды. Факті бойынша ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.