Екібастұзда тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның өлі денесі табылды
Екібастұзда тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның өлі денесі табылды
Фото: yandex.kz
302
оқылды
Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Королев көшесінде болған. Полиция ер адамның 41 жастағы қала тұрғыны екенін анықтады. Жедел іздестіру нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар 57 жастағы күдікті ұсталды. Екеуі ішімдік ішіп, жанжалдасып қалған. Күдікті досына пышақ сұғып алған. 41 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмған. Күдікті Екібастұзда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Ақтауда еңбек демалысында жүрген полицейді пышақтап өлтірген күдікті ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.