Алматы қаласы тұрғындардың өтініші бойынша «Южный» саябағындағы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты, – деп жазды inform.kz.
«Биыл 19 сәуір күні Алматы қаласының әкімдігі осы учаскені алып туралы қаулы қабылдады. Бірақ иесі жерге төленетін өтемақы сомасымен келіспеді. Сондықтан әкімдік экономикалық сотқа мемлекеттік мүлік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз түсірді. Оң шешім қабылданған жағдайда «Южный» паркінің аумағы 2,8 га ұлғаяды», – деді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ әкім Алматы қаласы әкімдігінің Жароков – Левитан көшесіндегі ауданы 30 сотық жер учаскесін қайтарып алу туралы қаулы қабылданғанын айтты. Бұл жерде 2023 жылдың қазан айына дейін демалыс алаңы ашылады.