Ақтөбеде сөмкедегі 5 миллион теңгені иемденіп алған полицейлер сотталды
Ақтөбеде сөмкедегі 5 миллион теңгені иемденіп алған полицейлер сотталды
Фото: nur.kz
6,294
оқылды
Ақтөбеде полицейлер табылған сөмкедегі 5 миллион теңгеден астам қаражатты иемденіп алған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық соты хабарлады
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, екі полицей қызметте отырып, тауып алып келген азаматтан сөмкені қабылдап алған. Кейін 2 адамға тиесілі сумканың ішіндегі 5 330 000 теңгені өздері иемденіп алған.
"Сотталушылардың кінәсі дәлелдемелер жиынтығымен, оның ішінде жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, бейнежазбалармен расталды. Сотталушылардың қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлары ретінде сот шын жүректен өкінгенін, жасөспірім балаларының болуын және жәбірленушілерге келтірілген залалды толық көлемде өтегенін ескерді. Сотталушылардың қылмыстық жауаптылығын ауырлататын мән-жайлар ретінде сот олардың өздері берген сертін бұзғаны және алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп шешті", - делінген хабарламада.
Сот сотталушыларды ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оларға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.