Алматыда көлік жарға құлап кетті
Алматыда көлік жарға құлап кетті
465
оқылды
Әлеуметтік желіде жардан Mazda жеңіл көлігінің ұшып кеткен видеосы тарады.
Алматы облыстық полиция департаменті 2022 жылдың 2 тамызында сағат 13:30 шамасында "Түп-Кеген-Көкпек" тас жолының 12 шақырымында жол апаты орын алғанын хабарлады. 52 жастағы Mazda көлігінің жүргізушісі аталған тас жолмен келе жатып, рөлге ие алмай, жол шетінен жарға қарай ұшып кеткен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.