Жемқорлық 25 пайызға өсті
Жемқорлық 25 пайызға өсті
555
оқылды
Жыл басынан бергі статистика жемқорлытың өскенін көрсетіп отыр. Биылдың өзінде қу құлқынның құлына айналған 345 қылмыскер сотталды. Барлық істе айыптылар қолындағы қаржысын, қызметін асыра пайдаланып, мәселені мәмілемен шешкісі келген. Жыл басынан бері елімізде барлығы 1 409 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліпті. Бұл көрсеткіш әсіресе ірі қалаларда белең алған. Мәселен, жемқорлықтың ең жоғары деңгейі – Қарағанды облысында. Дәлірек айтсақ, елдегі көрсеткіштің 13 пайызын осы өңір құрап отыр.