Ақтауда полицейді пышақтап өлтірген оқиғаның соңғы сәттегі видеосы жарияланды
Ақтауда полицейді пышақтап өлтірген оқиғаның соңғы сәттегі видеосы жарияланды
Фото: AstanaTV сюжетінен скриншот
2,905
оқылды
Ақтауда полицейді пышақтап кеткен сәттегі видео жарияланды, – деп хабарлайды Astana TV.   Телеарнаның дерегінше, полицей еңбек демалысында болған. Сыныптастарымен кездесуде ерегесіп қалған. Ашуға булыққан ер адам полицейге пышақ ала жүгірген. 26 жастағы полицей ауруханада қайтыс болды. Күдікті қамауда отыр.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Жаннұр Таңатарова: «Жедел іздестіру нәтижесінде, 27 жастағы күдікті ұсталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деді.
https://youtu.be/SmcxtHqswlU