Маңғыстауда көлік өртеніп, бір адам қаза тапты
Маңғыстауда көлік өртеніп, бір адам қаза тапты
677
оқылды
Бүгін Жетібай-Шетпе тас жолында көлік өртенді. Бір адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды, - деп хабарлайды Lada.kz сайты. Маңғыстау облысы ПД-ның хабарлауынша, «УАЗ» көлігінің жүргізушісі Шетпе ауылы бағытында келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота Прадо» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында УАЗ жүргізушісі алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы бес адам түрлі дене жарақаттарын алған. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.