Қарағандыда көшеде құлап жатқан иесін күзеткен ит полицияны да жолатпады
Қарағандыда көшеде құлап жатқан иесін күзеткен ит полицияны да жолатпады
665
оқылды
Қарағандыдағы "Восток-3" шағын ауданында ер адам көшеде кетіп бара жатып, құлап қалған. Өткен-кеткен адамдар медициналық жедел жәрдем шақырды, деп жазды Telegram-дағы zhest_kz арнасы. Жедел-жәрдем шақырылған мекен-жайға жеткенімен, ер адамға алғашқы көмек көрсете алмаған. Себебі оның жанындағы ротвейлер тұқымдас ит ер адамға дәрігерлерді де, полиция қызметкерлерін де жолатпады. Кейін итті ауладағы таныстарыныні бірі алып кетті. Дәрегерлердің тексеруінен өткен соң ер адам үйіне жіберілді.