Қызылордадағы мұнай кеніші маңында адамның сүйектері жатыр
Қызылордадағы мұнай кеніші маңында адамның сүйектері жатыр
1,207
оқылды
Қызылорда облысында мұнай кеніші аймағында адам сүйегіне ұқсас қаңқалар табылды. Оқиға Жалағаш ауданы аумағында орналасқан «Майбұлақ» кеніші аймағында болған. Сол аумақтан адам сүйегіне ұқсас қаңқалар табылған.
«Бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс атқаруда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабының талабына сәйкес әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлжахан Қайырбергенова.