Мамандар қант диабетінен сақтайтын өнім түрін атады
Мамандар қант диабетінен сақтайтын өнім түрін атады
852
оқылды
Испан зерттеушілері квиноа (алабота тұқымына жататын үнді дақылы) дәнін күнделікті қолдану екінші типті қант диабетінен сақтауға сеп екенін анықтады, - деп хабарлады Zakon.kz. Ғалымдар зерттеу жүргізіп, оған сусамыр ауруына күдік келтірілген 65 жастан асқан тоғыз ерікті адам қатысты. Күнделікті тамақ тұтынысындағы кәдімгі күріш, картоп немесе бұршақтың орнына олар квиноаны ұсынды. Зерттеуге қатысушылардан қант алынып, оның құрамындағы қант деңгейі үнемі тексеріліп отырды. Жаңа диета бойынша тамақтанған адамдарда қант мөлшері көп өзгеріске ұшырамаған, яғни секірмеген. Сарапшылар квиноаның пайдасы өнімнің төмен гликемиялық қасиетінде екенін айтады. Бұл екінші типті қант диабетінің алдын алудың негізгі факторы бола алады. Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алған жөн.