Алматыда пәтерден әйел мен екі баланың мәйіті табылды
Алматыда пәтерден әйел мен екі баланың мәйіті табылды
377
оқылды
Алматыда тұрғын үйлердің бірінің пәтерінен әйел мен екі баланың мәйіті табылды. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 6 тамыз күні жедел басқару орталығына Мамыр шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 жылы және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Материалды жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және адамдар өлімінің мән-жайын анықтау мақсатында тергеу-жедел тобы шықты. Оқиға орнына келген Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров тергеу барысын өз бақылауына алды»,- деп хабарлады ведомстовадан.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.