Жамбыл облысында медицина қызметкерлері оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған
Жамбыл облысында медицина қызметкерлері оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған
Фото: ИА «NewTimes.kz»
7,644
оқылды
27 шілдеде Байзақ ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын екі ер адамның кәмелетке толмаған қызын азғырғанын айтып арызданған, - деп хабарлайды  NewTimes.kz.  Аймақтық Полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру жұмыстары кезінде сол ауданның екі тұрғыны полиция бөлімшесіне жеткізілген.
"Қазір Қылмыстық кодекстің  "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды”, - делінген ақпаратта.
Orda.kz сайтының жазуынша, күдіктілер медицина қызметкерлері болып жұмыс істейді.