Қостанайда жоғалған қызға қатысты тың ақпарат пайда болды
Қостанайда жоғалған қызға қатысты тың ақпарат пайда болды
2,277
оқылды
Қостанай облысында жоғалып кеткен бес жасар қызды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полицияға жоғалған баланы жүгері алқабынан көргендер бары туралы хабар келіп түсті. Облыстық ПД баспасөз қызметі 8 тамызда сағат 21:00-дегі шолу жұмысы жүргізіліп жатқан аумақ 50 гектарды құрайтынын айтты.
Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатқанын баса айта кетелік. Тобыл өзенінің екі шақырымнан астам арнасы зерттелді. Тікұшақ пен ұшақ та іздеу жұмыстарына тартылды. Іздеу жұмысына атты кавалерия да өз үлесін қосуда. Қызметтік-іздестіру иттері де қолданылуда, – дейді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі