Әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген Көкшетау тұрғыны сотталды
Әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген Көкшетау тұрғыны сотталды
Фото: yandex.kz
520
оқылды
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыс биыл ақпан айында Көкшетау қаласында болған. Алкогольдік ішімдік ішкен ер адам белгісіз біреумен телефон арқылы сөйлескені үшін әйеліне қызғаныштан пышақ салған. Іш қуысына алған жарақаттан әйел оқиға орнында көз жұмды. Кәмелет жасқа толмаған балалары қалды. «Ер адам қылмысын мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сонымен қатар, күдіктінің кінәсі сот сараптамасы арқылы дәлелденді. Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, қатаң режимдегі колонияға тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сотталушы зардап шеккен тарапқа 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуі тиіс» делінген ресми хабарламада.