«AMANAT» партиясы: Маңғыстауда азық-түлік бағасына мониторинг жасады – видео
«AMANAT» партиясы: Маңғыстауда азық-түлік бағасына мониторинг жасады – видео
817
оқылды
Бүгін «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан құрылған аймақ бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторингтік топ мүшелері қаладағы бірқатар ірі сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша қоғамдық бақылау жүргізді.    width= Бақылау барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екені анықталды. Осы орайда топ мүшелері кәсіп иелеріне азық-түлік бағаларын тұрақты ұстап тұруға ұсыныс білдіріп, бағаны негізсіз көтеру бойынша тиісті жауапкершілік қолданылатыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  width=  width=  width=  width=  width= Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі ірі сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына тұрақты бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады.