Ұлттық ұлан сарбаздары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде Есіл өзеніне батып бара жатқан елордалық тұрғынды құтқарып қалды.
Қатардағы патруль бастығы Оралбек Жиенбай үстіндегі жарақтарын шешіп, адамды құтқару үшін суға бірінші болып секірді. Одан кейін патрульдік топтың бастығы кіші сержант Айбат Есіркеп те көмекке келді. Екеуі 44 жастағы зардап шегушіні судан алып шығып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Біз жағалау бойында жүргенбіз. Кенеттен: "Көмектесіңіздер!" деп дауысты естідік. Қарасақ, өзен ортасына бір адам суға батып барады. Ол өзеннің келесі бетіне жүзіп барамын деп, ортасына келгенде әлі құрып, күші таусылған, - деді Жиенбай.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына құқық қорғау органдарының өкілдері келіп-жетті.