Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп атады. Осы ретте Мемлекет басшысы балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.
«Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия 2022 жылғы шілде айының 25 жұлдызынан бастап балалар әні және балалар поэзиясына (өлең, жыр, тақпақ) арналған ақындар мен композиторлар арасында республикалық байқау жариялайды.
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері:
өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
жас ерекшелігі талабына сай жаңа музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу;
отандық авторларды қолдау;
- балабақша және мектеп жасындағы балалардың репертуарын толықтыру;
- Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын мәдени өнімдерді жасау Конкурсты өткізу тәртібі:
Конкурс 2022 жылдың 25 шілдесінен бастап 15 қазан аралығында Қазақстанның бүкіл аумағында өткізіледі.
Шығармалар еркін тақырыпта (отансүйгіштік, ата-анаға деген махаббат, елді қорғау, табиғат жайында және т.б.) жазылады. Конкурс шығармалардың түрі бойынша келесі екі номинацияларға бөлінеді:
Балаларға арналған әндер. Балабақша және мектеп жасындағы балалардың әндері.
Балалар поэзиясы. Еркін тақырыптағы тақпақ, өлең, жыр туындылары.
Ескерту: Конкурсқа қатысу үшін бұрын көпшілік алдында орындалмаған, жарияланбаған және басқа конкурстарға қатыспаған туындылар ұсынылады.
Өтініш қабылдау
Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар өтініммен бірге мынадай құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, 2022 жылғы 25 шілдеден бастап 15 қазанға дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдер жібереді:
Екі номинацияға да Word құжатындағы туындының мәтіні (қаріп – Times New Roman, мөлшері №14, жоларалық интервал – бір жолдық);
Әндер номинациясына партитура және клавир (Finale немесе Sibelius ноталық редакторлар немесе JPEG немесе PDF форматындағы басқа ноталық редакторлар форматында).
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкте жеке шотының болуы туралы анықтама.
Өтінімдер мына электронды поштаға жіберіледі: zhas.oren@gmail.com Анықтама телефондары: 87751459053
Конкурс ережесі
Конкурсқа қатысудан бас тартылған жағдайда, осы Қағидалардың
тармағында көрсетілген құжаттар қатысушыларға қайтарылмайды.
Конкурсқа қатысушылар осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген
бірнеше номинацияларға бір мезгілде қатыса алады. Әр номинация бойынша бір қатысушы бір өтініммен бір туындыны ғана ұсынады. Әнге қатысты шығарма өңделген (аранжировка) нұсқада болса болады.
Конкурсқа ұсынылған туындылар рецензияланбайды және
қайтарылмайды.
Байқаудың қорытындылары 2022 жылдың 25 қазанында жарияланады.
Номинация жеңімпаздары мен дипломанттардың туындылары
Қазақстан Республикасының мәдениет ұйымдары мен шығармашылық
бірлестіктерінің репертуарына қосу үшін ұсынылатын болады
Номинация жеңімпаздары мен лауреаттарына ақшалай
сыйақыларды төлеу олардың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Ақшалай жүлделерді төлеу үшін Қазылар алқасының хаттамасы негіз
болып табылады.
Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында гала-концерт түрінде өтеді.
Конкурстың ұйымдастыру комитеті
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Конкурсты өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрамы (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау мен өткізуді басшылықта жүзеге асырады.
Конкурсты жарнамалау мақсатында Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз-релиздерді ұсынады және Қағиданы министрліктің www.mсm.gov.kz интернет-ресурсында орналастырады.
Ұйымдастыру комитеті іс-шараны ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: телефон: 87751459053; электронды пошта: zhas.oren@gmail.comКонкурстың қазылар алқасы
Конкурсқа қатысушылардың өнерін бағалау, сондай-ақ қорытындылар шығару және осы көрсетілген номинациялар бойынша жеңімпаздарды айқындау туралы шешімдер қабылдау үшін конкурстың қазылар алқасы (бұдан әрі – Қазылар алқасы) құрылады.
Байқаудың қазылар алқасының құрамына еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік ұйымдардың өкілдері кіреді.
Төрағаны қоса алғанда, Қазылар алқасының құрамы тақ болуға тиіс.
Әрбір номинация бойынша Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және қазылар алқасының төрағасы мен барлық мүшелері қол қояды.
Дауыстар тең болған жағдайда Қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болады.
Конкурстың Қазылар алқасы құқылы:
- лайықты туындылар болмаған жағдайда кез келген номинация бойынша жеңімпазды анықтамауға;
- ақшалай жүлделерді (гран-приді қоспағанда) бермеуге немесе жеңімпаздар арасында бөлуге құқылы.
Қазылар алқасының мүшелеріне қаламақы төлеу жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 13-бабындағы 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функциясын орындайтын тұлғалар болып табылатын қазылар мүшелеріне қаламақы төленбейді.
Конкурсты қаржыландыру
Конкурс номинациялары бойынша келесі ақшалай жүлделер белгіленеді:
Бас жүлде – 1 000 000 (бір миллион) теңге екі номинацияға ортақ.
«Балаларға арналған әндер» номинациясы бойынша
І орын (1 жүлдегер) – 700 000 (жеті жүз мың) теңге
ІІ орын (2 жүлдегер) – 500 000 (бес жүз мың) теңге
ІІІ орын (2 жүлдегер) – 300 000 (үш жүз мың) теңге