Ұзынағаштағы атыс: 4 адамға іздеу жарияланды
Ұзынағаштағы атыс: 4 адамға іздеу жарияланды
3,235
оқылды
Алматы облысының Ұзынағаш ауылында жаппай төбелеске қатысып, қару қолданған жігіттер әлі іздестіріліп жатыр, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Алматы облысы Полиция департаменті мына адамдарға іздеу салады:
  • Қозыбаев Ғани Мұратұлы, 03.11.1991 жылы туған, ҚР Қылмыстық кодексінің  99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтарымен (Адам өлтіру ), 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен (Атыс қаруын қолданып бұзақылық) қылмыс жасады деген күдік бойынша;
  • Асқар Жаныбекұлы Тыныштықов, 05.09.1992 жылы туған, ҚР Қылмыстық кодексінің  24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтарымен (Адам өлтіруге оқталу), 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен (Атыс қаруын қолданып бұзақылық) қылмыстар жасады деген күдік бойынша;
  • Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов, 01.01.1992 жылы туған, ҚР Қылмыстық кодексінің  293-бабы 3-бөлігі 2- тармағымен (Атыс қаруын қолданып бұзақылық) қылмыс жасады деген күдік бойынша;
  • Нұрсұлтан Бақтиярулы Аукенов, 25.11.1992 жылы туған, ҚР Қылмыстық кодексінің  293-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен (Атыс қаруын қолданып бұзақылық) қылмыс жасады деген күдік бойынша іздестіріліп жатыр.
«Назар аударыңыз! Іздестірілуші туралы мәліметтері бар барлық адамдар  мына телефондар бойынша хабарласуын сұраймыз: +7 701 500 08 47, +7 700 200 07 88, +7 702 717 77 17, +7 707 738 78 78, +7 72770 2 26 02 немесе 102», – делінген Полиция департаменті хабарламасында.
Еске салайық, 4 тамызда Алматы облысының Ұзынағаш ауылында қарулы қақтығыс болды. Нәтижесінде, бір адам қайтыс болып, тағы екеуі жарақат алды.