«AMANAT» партиясы шахматшыларды әрдайым қолдайды» – Алматы қалалық «Жастар рухының» төрағасы Әкежен Кеңесов
«AMANAT» партиясы шахматшыларды әрдайым қолдайды» – Алматы қалалық «Жастар рухының» төрағасы Әкежен Кеңесов
643
оқылды
«AMANAT» партиясы «Жастар рухының» белсенділері шахматшыларды Алматы әуежайынан бірінші болып күтіп алды. Алматы қаласының «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Әкежен Кеңесовтің айтуынша, «AMANAT» партиясы спортшыларды қолдауға әрдайым әзір.     width= – «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты әлемдік деңгейде Қазақстан намысын қорғаған спортшыларды қолдап, ерлігін жастар арасында кеңінен насихаттайды. Үндістанның Ченнаи қаласында өткен әлемдік шахмат олимпиадасына қатысқан Қазақстан құрама командасының мүшелерін Алматы әуежайында бірінші болып қарсы алдық. Аса зор табыспен елге оралған отандық спорт мақтаныштарына «Жастар рухы» ұйымының белсенділері қолдау көрсетіп, гүл шоғын сыйлап, алғыс айтты. Қазақстанның қыздар құрамасы жақында өткен 44-ші Шахмат олимпиадасында 5-орын алды. Бұл тәуелсіз еліміз бен ұлттық құрама тарихындағы ең үздік  көрсеткіш», – деді Әкежен Кеңесов.    width=  width=  width= Бұған дейін «AMANAT» партиясы «Жастар рухының» белсенділері шахматшыларды Алматы әуежайынан бірінші болып қарсы алғанын жазған болатынбыз.