Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Қостанай облысында қантты үстеме бағамен әдейі сатқан.
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті қантты бөлудің қылмыстық схемасын әшкереледі, – деп жазады inform.kz.
Әкімдік пен «Тобыл ӘКК» АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан 420 тг/кг жеңілдік құны бойынша кезектен тыс және нормадан тыс кәсіпкерлерге берген.
Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 кг-ға дейін қантты үлестірген.
Бұдан әрі, таңдалған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10%-дың орнына 100% үстеме бағамен сатқан.
Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 кг қант табылып, тәркіленді. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес, жария етуге жатпайды.