Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездеседі. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram каналы хабарлады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахид 11-12 тамыз аралығында Қазақстанға ресми сапармен келетіні бұған дейін хабарланған еді.