Грант иегерлерінің көбі Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ды таңдады
Грант иегерлерінің көбі Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ды таңдады
© newsroom.kz
655
оқылды
4 000-ға жуық мемлекеттік білім гранттарының иегерлері Еуразия ұлттық университетіне түсуге құжаттар тапсырды, бұл – ЖОО тарихында еліміз бойынша рекордтық көрсеткіш. Мектеп түлектерінің басым таңдауы техникалық бағыттарға түсті – 3 000-нан астам грант. Оқуға түсушілердің сапалы контингентін «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері және басқа да дарынды жастар құрайды. Бұл университет тарихындағы рекордтық көрсеткіш және ЕҰУ-ға деген сенімнің артып келе жатқанын көрсетеді. Биыл мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған гранттарды ұлғайтты және ауыл жастары мен Қазақстан азаматтары болып табылмайтын этникалық қазақтарға квоталар бөлді. Осыған байланысты Еуразия ұлттық университеті халықтың әлеуметтік осал топтарына 200-ден астам және шетелдік азаматтар мен этникалық қазақтар үшін (300-ден астам білім алушы) грант иегерлеріне есік ашады. Сонымен қатар  университетте мұқтаж студенттерге қолдау көрсету бойынша әлеуметтік бағдарлама жүзеге асырылуда. Қазір Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS WUR жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингінде 277-орын  және ұлттық білім беру рейтингтерінің көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр.