Өскеменде аутизмге шалдыққан бала түнде үйден шығып кетіп, жоғалып кетті
Өскеменде аутизмге шалдыққан бала түнде үйден шығып кетіп, жоғалып кетті
1,004
оқылды
Өскемен қаласында аутизмге шалдыққан бала түнде үйден шығып кетіп, жоғалып кетті. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына хабарласқан азамат 14 тамызда түнгі сағат 2:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кеткен баласының табылмай жатқанын айтты. 12 жастағы Темірлан Ахмеджанов аутизммен ауырады. «Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру жұмыстарына кірісті. Сонымен қатар іздеуге құтқарушылар, кинологтар, ҚР Ұлттық Ұланы сарбаздары мен волонтерлер жұмылдырылған. Қазіргі уақытта олар үйлер мен аулаларды аралап тексеруде. Квадрокоптермен де іздеу жұмысы жүріп жатыр», - делінген ақпаратта. Баланың үстінде көк жемпір, камуфляжды шалбар, жасыл тәпішке болған. Тәртіп сақшылары оның қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат білетіндерге полицияға хабар беруін сұрайды.