Атырау облысында Жайық өзеніне 7 жасар бала батып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сүңгуірлер 7 жасар баланың денесін іздестіріп жатыр.
Оқиға 14 тамыз күні сағат 21.00-де Қызылбалық ауылында болды. 2015 жылғы бала өзен жағасында тұрған қайықта ойнап отырып, абайсызда суға құлап кеткен. Шамамен 22.25-те сүңгуірлер суға батқан баланың денесін іздеуді бастады.
Іздестіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 3 сүңгуірі мен 1 техника жұмылдырылды